Елорда • Бүгін, 14:59

Астанада бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Жастар» сарайында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр

Фото: Астана қаласының әкімдігі

 

«Іс-шара аясында елімізде тұратын түрлі этностардың мәдениеті мен өнерін көрсететін арнайы көрме өтіп жатыр. Түрлі ұлт өкілдері көрмеге келушілерге салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық тағамдарын паш етеді. Одан кейін бұл шара мерекелік концертпен жалғасады. Сонымен қатар біз шақырылған қазақ эстрадасының әншісі Ұшқын Жамалбек және «Жастар» сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылы мен Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы шығарылымдар бар», деді «Жастар» сарайының БАҚ бөлімінің басшысы.

Бүгінгі шараны Астана қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр.

Мерекелік концертте «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Зарина Божақова, Әлібек Әлмадиев және Татьяна Ким, сондай-ақ шараның арнайы қонағы Құрмаш Махан өнер көрсетеді.

«Қазақстан халқының бірлігі күні – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт және мызғымас мемлекеттің символына айналған мереке, бұл ұлттық бірлігіміздің беріктігін, көпұлтты қоғамымызда өзара сыйластық пен сенімнің тереңде жатқанын көрсетеді», деп атап өтті  «Жастар» сарайының БАҚ бөлімінің басшысы Ділназ Мұрат.

Көрме қоғамдағы достық пен келісімді нығайтуға және ұлттық салт-дәстүрдің бай мұрасын насихаттауға арналған.