
Жеке тұлғалардың кәсіпкерлікке несие алуы қиындай түспекФото: aikyn.kz
Агенттік тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуді көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді және тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған.
Жоба төмендегідей ережелерді қамтиды:
- банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік мақсаттар үшін жеке тұлғаларға жаңа несиелер беру кезінде қарыз жүктеме коэффициентін (ҚЖК) есептеуге міндетті болады;
- соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушылар төмендетілген ҚЖК алады (0,25 деңгейінде);
- соңғы үш жылда берешегі кешірілген, нәтижесіз қайта құрылымдаулар, сондай-ақ 5 жылдан астам мерзімге тұтынушылық несиелері бар жеке тұлғаларды несиелендіруге тыйым салынады;
- 3 жылдан астам мерзімге берілген кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша тәуекелді өлшеу коэффициенті 350%-ға дейін ұлғайтылады.