Президент • Кеше

Президент Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.