
Шешімге сәйкес, кәсіп иесі Шәпкенова 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады, сондай-ақ оған 3 жыл бойы қоғамдық тамақтандыру орнында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан берілмейтін болды. Анықталғандай, сотталушы асханада санитарлық талаптарды өрескел бұзған. Соның салдарынан, 400 оқушы уланған. Алайда 182 баланың ата-анасы ғана кәсіпкердің үстінен арыз түсіріпті. Сот жаза тағайындау кезінде жазаны ауырлатуға негіз жоқ деді.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы, 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттер жасағаны үшін, кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге қоғамдық тамақтандыру саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Серік Наурызбаев.
Жәбірленушілердің бірі соттың шешімімен келіспейтінін және аппеляциялық сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді. Ол кәсіпкерге кесілген 1 жыл аз деп отыр. Себебі уланған баланың денсаулығы әлі күнге дейін жақсармаған.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр 6-қыркүйекте Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінде 460 бала асханадағы астан ұшынған. Нәтижесінде 2 бала ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскен.
«Бір жыл деген тым аз, көп болу керек еді. Балаларымыз әлі күнге дейін іші ауырады. Дұрыстап тамақты жей алмайды, іші өтеді, құсады. Уланғанннан кейін дәрі беріп, баланың ағзасын 2 есеулап жатырмыз», – деді жәбірленуші Роза Қарасаева.