
Фото: kokshetoday.kz
«ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі қылмыстарын, әсіресе кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында бар күш-жігерін салып жұмыс жүргізуде. Алайда бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес. Сіздерді бейжай қалмауға шақырамыз. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Заңсыз сату бойынша күдік тудыратын интернет-ресурстарға, граффити мен кодтары бар жарнамаларға мән беріңіздер. Біз әр өңір бойынша кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырамыз. Сіз маңызды ақпаратты анонимді және қауіпсіз түрде хабарлай аласыз. Бұл қылмыстың алдын алып, біреудің өмірін құтқаруға көмектесуі мүмкін», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.