Спорт • 28 Сәуір, 2025

Қазақстандық гимнастар Әлем кубогінде қола жүлде еншіледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогінің үшінші кезеңінде астаналық «Фурор» командасы жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық гимнастар Әлем кубогінде қола жүлде еншіледі

Фото: gov.kz

Спортшыларымыз 5 лента бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Команда құрамында елордалық гимнасшылар Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсеткен.

вв

Осы сында І орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс медальді Польша құрамасының гимнастшылары алды. 

«Қыздарымыздың еңбегі ақталды. Олар талмай жаттықты, әр жаттығуды жүректерімен орындады. Бұл – олардың табандылығы мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыруға күш саламыз», деді команданың жеке бапкері Меруерт Балғынбаева.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше