Аймақтар • 27 Сәуір, 2025

Павлодарда шыбын-шіркейді әуеден улауға 10 ұшақ пайдаланылады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олар Ертіс өзені жайылмаларына биологиялық препарат шашып, қансорғыш жәндіктерді жояды. Дезинсекциялық іс-шаралар өзендер жағалауларында орналасқан 59 елді мекенде жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда шыбын-шіркейді әуеден улауға 10 ұшақ пайдаланылады

Өңірде шыбын-шіркейге қарсы күрес жұмыстары басталды. Биыл әуеден, өзен арқылы және тосқауылмен өңдеу шаралары күшейтілді. 

Өңдеу аумағының 45 мың гектарға ұлғаюына байланысты қосымша ұшақтар тартылған. Соның ішінде өзенде 1800 километрді құрайды. Жұмыстардың ауқымдылығына орай әуеден дезинсекциялық жұмыстар жүргізетін 10 ұшақ жеткізілді. С

- Барлық ұшақтар келді, мердігердің қажетті лицензиясы бар. Ендігі кезекте шыбын-шіркейлердің жаппай ұшып шығатын күнін белгілеу маңызды - бұл судың толық жайылғанынан кейін мүмкін болады. Ғылыми топ ұсыныс бергеннен кейін негізгі жұмыстар басталады. Стратегия құрылып, алгоритм бекітілді және әрбір кезең ғылыми топтың бақылауымен өтеді,-деп хабарлады өңірлік әкімінің баспасөз қызметінен.

РДезинсекциялық іс-шаралар жағалау бойында орналасқан облыстың 59 елді мекенінде жоспарланған. Өзенді өңдеу жұмыстары 10 құю нүктеден үш кезеңде жүзеге асырылады. Ертіс өзенінің Белая, Подстепка, Теплая, Түлкі, Каратунь, Талинка және Орловка сияқты тармақтарын өңдеу үшін қосымша 15 моторлы қайық тартылады. 

Өңірге қажетті препараттардың барлық көлемі жеткізілді: биологиялық - 182 мың кг және химиялық - 14,6 мың литр. 293 мың литр биопрепараттың жұмыс суспензиясы дайындалды.

9 сәуірден бастап уақытша су айдындарын жерден өңдеу басталған. Сонымен қатар, жертөлелерді дезинсекциялау жалғасуда.

Павлодар облысы