06 Мамыр, 2015

Жарқын жеңісімен құттықтады

282 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
55-үлкен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет, үкімет басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен сайлаудағы жеңісіне байланыс­ты құттықтаулар әлі де келіп жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Египет Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Египет Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы тарихи жеңісімен және қызметіне кірісуімен құттықтады. Әңгімелесу барысында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Египет ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын пысықтады. Әбдел Фаттах ас-Сиси елдеріміз арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың алдағы уақытта да Қазақстан мен Египеттің достас халықтары мүддесіне тиімді қызмет ете беретініне сенім білдірді. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Чех Респуб­ликасының Президенті Милош Земанмен сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. М.Земан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, Қазақстан кірісіп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісінде табыс тіледі. Екі мемлекеттің басшылары Чехия Президентінің елімізге 2014 жылғы қарашада жасаған сапарының қорытындысын ескере отырып, екіжақты қарым-қатынасты дамытудың перспективаларын талқы­лады. Әң­гі­мелесуге чехиялық тарап бастамашылық етті. * * * Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Пре­зиденті болып сайлануына байланысты Из­раиль Премьер-министрі Беньямин Нета­нья­ху­дан құттықтау жеделхаты келді, деп ха­барлады Президенттің баспасөз қызметі. Б.Нетаньяху еліміздің экономикалық өсіп-өр­кендеу жолымен бұдан әрі де ілгерілей түсуіне ниет­тестік білдірді. «Алдағы жылдары Израиль мен Қазақстан ара­сын­дағы қарым-қатынасты нығайту жұмысын Сізбен бірлесе отырып жалғастырамыз деген үміт­темін», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайлануына байланыс­ты Оман сұлтаны Кабус бен Саидтан құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кабус бен Саид Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Сіздің осы лауазымдағы қызметіңіздің жалғасуы кезінде біз халықтарымыздың ортақ игілігі үшін ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге деген шынайы ықыласымызды жеткізгіміз келеді», – делінген жеделхатта. Оман сұлтаны достас Қазақстан халқының бұдан әрі ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне бағытталған Мемлекет басшысының бастамаларына табыс тіледі. * * * Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайлануына байланысты Молдова Республикасының Президенті Николае Тимофтиден құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Н.Тимофти Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы айқын жеңісіне байланысты  шын жүректен құттықтайтынын жеткізді. Молдова Президенті Қазақстан азаматтарының ерік-қалауы мен сайлауда қол жеткізілген нәтиже Қазақстан қоғамын реформалауды жалғастыру және республиканы әлемдік қоғамдастықпен ықпалдастыру жолымен ілгерілету  бағытында жүргізіліп келе жатқан елдегі саясатты қолдаудың дәлелі екенін атап өткен. «Жоғары мемлекеттік лауазымдағы Сіздің қызметіңіз Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуіне және екі елдің де халқының игілігі үшін өзара тиімді Молдова-Қазақстан ынтымақтастығының өрістеуіне септігін тигізеді деп нық сенім білдіремін», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Н.Тимофти Қазақстан Президентін ресми сапармен Молдоваға келуге шақырып, сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге және оны тереңдете түсуге елеулі серпін береріне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаевқа Молдова Президенті мықты денсаулық, жоғары мемлекеттік қызметте табыс, ал Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі. * * * Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Сауд Арабиясы Үкіметінің және халқының атынан құттықтап, оған мықты денсаулық, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз Сауд Арабиясы мен Қазақстанның арасындағы бауырластық, достық байланысты жоғары бағалайтынымызды айтқым келеді. Бауырлас елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастарды барлық салада бұдан әрі де нығайтып, дамыта беруге ниеттіміз», – делінген жеделхатта. * * * Иран Ислам Республикасының Пре­зиденті Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Халық жасаған таңдау біздің екіжақты ынтымақтастығымыз аясында жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыруда жемісті жұмыс істеуімізге жақсы мүмкіндік береді», – делінген жеделхатта. Иран Президенті Елбасына мықты денсаулық пен зор табыс, ал достас Қазақстан халқына  бақ-береке тіледі. * * * Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Президенті лауазымына сайлануына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Симонетта Соммаруга құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. С.Соммаруга Швейцария Федералдық кеңесі атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Қазақстанда реформаларды жүзеге асыру және демократияны нығайту бағытындағы Сіздің күш-жігеріңіздің барынша табысты болуын тілеймін. Елдің әл-ауқатын арттыру жөніндегі саясатыңыз сәтті болады деп үміттенемін. Біз бұдан әрі де ортақ мүдде жолында елдеріміз арасындағы игі қарым-қатынасты дамыта алатынымызға сенімдімін. Швейцарияның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қаты­суы серіктестігіміздің аясын кеңейте түсуге тамаша мүмкіндік тудырады», – делінген жеделхатта. * * * Словакия Республикасының Президенті Андрей Киска  Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Елдеріміз арасындағы достық қатынастар мен сындарлы диалог алдағы уақытта да өзара мүдделік бар барлық салада нығая отырып өрістей беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Словакия Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық, Қазақстан азаматтарының игілігі және елді бейбіт әрі орнықты дамыту жолындағы қызметіне табыс тіледі. * * * Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Президенті лауазымына сайлануы­на байланысты Ауғанстан Ислам Рес­публикасының Президенті Ашраф Гани Ахмадзайдың құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Ахмадзай Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Ауғанстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық аясының одан әрі кеңеюінен үміттенетінін жеткізіп, Мемлекет басшысына табыс, ал достас Қазақстан халқына бақыт пен құт-береке тіледі. * * * Нидерланд Премьер-министрі Марк Рютте Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Сіздің Нидерландқа сапарыңызды және біздің 2014 жылғы наурыздағы сындарлы кездесуімізді жылы сезіммен еске аламын. Өзара саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту елдерімізге игі ықпал ете алады, сондықтан мен өзара мүдделілік бар мәселелердің кең ауқымы бойынша сындарлы диалогымызды жалғастыратынымызға сенімдімін. Бұдан әрі де екіжақты және көпжақты негіздегі ынтымақтастықтан үміттімін», – делінген жеделхатта. Нидерланд Премьер-министрі Қазақстан кірісіп жатқан реформалар бағдарын да атап өтті. «Сіздердің жаңғырту жөніндегі жоспарларыңыз голландтық компаниялардың инновациялық сипатымен сәйкеседі. Біздің компанияларымыздың көптеген салада, әсіресе, энергетика, мұнай химия­сы және ауыл шаруашылығында берік байланыс­тары бар. Алда бізді көптеген мүмкіндіктер күтіп тұрғанына сенімдімін», – делінген құттықтауда. * * * АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президенті лауазымындағы жаңа мерзімінің басталуына байланысты ең жақсы тілектерін білдірді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «АҚШ Қазақстанның Үкіметімен және халқымен қауіпсіздік, бақуаттылық, адам құқығы саласында, сондай-ақ, Қазақстанда және өңірде демократиялық, тәуелсіз институттарды, азаматтық қоғамды дамытудағы ортақ мақсаттар бойынша бірге жұмыс істеуден үміттенеді. Біз халықтарымыздың арасындағы байланыстарды кеңейтуге бейілдіміз. АҚШ Қазақстанмен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті сақтаудағы стратегиялық серіктес ретінде, сондай-ақ, Қазақстан көшбасшы болып табылатын ядролық қару таратпау саласында бірге жұмыс істеуге дайын. Біз бұдан әрі де Қазақстанның ел экономикасын әртараптандыру, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұмтылысына ықпал етуге дайынбыз», – делінген  жеделхатта. ____________________________ Елбасының атына мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан, шетел мемлекеттерінің заң шығарушы органдары өкілдерінен, шетелдік компаниялар жетекшілерінен құттықтаулар әлі келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Израиль Президенті Р.Ривлин ел халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануы­на байланысты құттықтауын жолдады. «Сізге алда тұрған міндеттерді шешу ісінде табыс тілеймін. Сондай-ақ, Израиль мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар әрі қарай да нығая беретініне сенім білдіремін», – делінген жеделхатта. * * * Мұрагер ханзада, Сауд Арабиясы Корольдігі Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, ішкі істер министрі Мұхаммад бен Наиф бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, мықты денсаулық пен бақуаттылық, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. * * * МАГАТЭ бас директоры Ю.Амано Қазақстан ұзақ уақыттан бері ұйымның ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдану және ядролық қару тарату қаупіне қарсы күрес саласындағы серіктесі болып саналатынын атап өтті. Ол, сондай-ақ, жүзеге асыру ісіне біздің еліміз де қатысатын түрлі бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді. * * * Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры У.Свинг Қазақстан осы ұйымның белді мүшесі екенін атай отырып, біздің елмен ынтымақтастықты жалғастыруға және нығайтуға дайын екенін айтқан. * * * Америкалық мемлекеттер ұйымының бас хатшысы Х.Инсульса Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Қазақстан 1996 жылдан бері Америка мемлекеттері ұйымының тұрақты бақылаушысы болып табылады. Біз соңғы жылдары, әсіресе, жан-жақты даму, мемлекеттік басқару және әйелдер мен балалар құқығын қорғау саласында қол жеткен серіктестік пен ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанамыз. Сізге табыс тілеймін және Сіздің Үкімет Америка өңірімен арадағы диалог пен ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мақсатында біздің ұйыммен өзара ықпалдастықты жалғастырады деп үміттенемін», – деп жазады автор. * * * Энергетикалық хартия бас хатшысы У.Руснак «Қазақстан-2050» Стратегиясы барша қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты істермен толтырылғанына назар аударған. «Әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену жөніндегі Сіз қойған мақсат таяу болашақта міндетті түрде орындалады», – делінген жеделхатта. * * * Мемлекетаралық Украина-Қазақстан қарым-қатынастар институтының директоры Н.Степаненко Қазақстанда өткен сайлау сайлаушылар ең көп қатысқан сайлау ретінде тарихқа еніп, бүкіл әлемге тұтастықтың қуатын паш еткенін атап өткен. «Біз Сіздің Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бүкіл тәуелсіздік жылдары бойы біздің бауырлас халықтарымыздың өзара қарым-қатынасының архитекторы тек өзіңіз болдыңыз», – деп жазады автор. * * * ҚКП ОК Саяси бюро мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының партия комитетінің хатшысы Ч.Чуньсянь Қазақстан Президентінің күш-жігері арқасында екі елдің арасындағы достық қатынастар үздіксіз нығайып келе жатқанын атап өткен. «Қазақстанға шын жүректен барлық салада өсіп-өркендеуін, ал оның халқына Сіздің басшылығыңызбен бақ-береке тілеймін», – делінген құттықтауда. * * * ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халықтық үкіметінің төрағасы Ш.Закер Қазақстан Президентін қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстан мен Қытайдың саяси және стратегиялық ықпалдастығы нығайып келе жатқанын атап өткен. «Біз халықтарымыздың игілігі жолын­дағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда нақты нәтижелерге жету үшін Жібек жолының экономикалық белдеуін құру аясындағы ынтымақтастықты Сіздің елмен бірге жаңашылдық пен талпыныс рухында одан әрі нығайтуға дайынбыз», – деп жазады автор. * * * Германия Бундестагының депутаты, Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассам­блеясындағы Германия деле­гациясының басшысы А.Фишер Нұр­сұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттық­тады. «Қазақстан азаматтары көрсеткен сенім – Сіздің алдағы сын-қатерлерді ең­серудегі еңбегіңізді мойындаудың айғағы. Сіздің сайлаудағы айқын жеңісіңіз  соңғы жылдары атқарған жұмысыңыздың да мойындалуы болып саналады», – делінген хатта. * * * Ресей Федерациясы Карачай-Черкес Республикасы Халықтық жиналысы (Парламенті) төрағасының орынбасары Р.Хабов Нұрсұлтан Назарбаевқа елді белсенді түрде әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жемісті жұмысының биік бедел әкелгенін айтады. «Сіздің алысты болжаған басшы­лығыңыздың арқасында Қазақстан бар­лық салада керемет жетістіктерге жетіп, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер қатарынан лайықты орын алды», – делінген жеделхатта. * * * Испанияның бұрынғы сыртқы істер және ынтымақтастық министрі М.Моратинос Қазақстан азаматтары өз Президентіне тағы да елін халықаралық қоғамдастықтың мейлінше озық және заманауи мемлекеттері қатарына қосуы үшін қалтқысыз сенім артқанын атап өткен. «Сіздің арқаңызда Қазақстан экономикасы әлемдегі ең қарқынды дамыған экономиканың бірі боларына сенімдімін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын сайлау үдерісінің үлгі тұтарлықтай өтуімен және халықаралық байқаушылар миссиясы тарапынан жоғары баға алуымен құттықтағым келеді», – делінген жеделхатта. * * * «Марубени Корпорейшн» жапон  компаниясы басқармасының төрағасы Т.Асада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды және оның халқын бұдан да үлкен өсіп-өркендеуге алып келетініне, сондай-ақ, Жапониямен достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірген. * * * «Тойота» компаниясы басқар­ма­сының төрағасы Д.Шимизу өз құттық­тауында Нұрсұлтан Назарбаевтың шебер басшылығымен Қазақстан таңдан­дырар­лықтай даму қарқынына қол жеткізгенін айтады. * * * Қырғызстан халқы ассамблеясы кеңе­сінің мүшелері өз құттықтауларында этнос­аралық қарым-қатынастың қазақ­стандық моделі бүгінде көпэтносты мемлекеттер үшін жарқын үлгінің бірі болып отырғанын айтады. «Қазақстан бүкіл әлемге елдің мем­лекеттік-конфессиялық қарым-қаты­насты табысты орнатып, этносаралық қарым-қатынасты дамыта отырып, сонымен бір мезгілде мемлекет құру мәселелерін де шеше алатынын көрсетті», – деп жазады авторлар. * * * Отто Бенеке атындағы қор прези­денті Л.-Т.Лемпер Нұрсұлтан Назар­баевтың басшылығымен Қазақстан зор жетістіктерге жеткенін, олар­дың қатарында әлемдік қоғамдастық мойын­даған сыртқы саясат, индустриялық-инновациялық даму, этносаралық келісім, жемісті экономикалық реформалар және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері бар екенін айтты. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысына амандық және белгіленген барлық жоспарын жүзеге асыру ісіне табыс тіледі. * * * Қолдау лебізін Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, ТМД Дін­аралық кеңесінің теңтөрағасы А.Паша-Заде де жолдап, Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан дінаралық диалогтың алдыңғы көшінен берік орын алып отырғанын атап өткен. «Сіздің бастамаңызбен Қазақстан өзіне түрлі әлемдік және дәстүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары арасындағы диалогты ілгерілету жауапкершілігін алды, бұл, күмәнсіз, оның әлемдік аренадағы беделін одан да арттыра түсті», – делінген жеделхатта. * * * Үндістан ғылыми институтының директоры С.Даве біздің ел Қазақстан Президентінің басшылығымен реформаларды жүзеге асыру, даму  және өсіп-өркендеу жолымен жүріп келе жатқанына тоқталған. Үндістаннан зороастризм тобының жетекшісі Х.Дхалла Нұрсұлтан Назар­баев­тың биік беделін, сондай-ақ, оның әлемдегі ядролық қауіпсіздікті қамта­масыз етуге қосқан ерекше үлесін атап өткен. * * * «Возрождение» ғылыми-ағар­тушы­лық орталығының директоры А.Кузнецов өткен сайлауда қазақстандықтар кепілдендірілген бейбіт болашақты, тұрақтылық пен өз елінің өсіп-өркендеу жолын таңдағанын атап өтті. «Сіздің сара басшылығыңызбен Қазақстан Республикасы қысқа мерзім ішінде тамсандырарлық нәтижелерге қол жеткізді және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. Біздер, украиндықтар,  елдің оңтүстік-шығысындағы қақтығысты реттеудегі Сіздің жеке үлесіңізді, Қазақстанның көрсеткен қаржылық және гуманитарлық көмегін өте жоғары бағалаймыз», – деп жазады автор. * * * Балалардың «Детская Вселенная» қоғамдық ұйымының президенті В.Магда Қазақстанда жас буын үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанына назар аударды. «Отбасы секілді, мемлекеттің де ұлылығы мен құдіреті баладан басталады. Сіз әрдайым жастар болашағымыздың  тірегі екенін айтасыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» және басқа бағдарламалар бақыт пен отбасылық бақуаттылықты, тұрақтылық пен келісімді көздейді», – делінген хатта. * * * Француз режиссері Р.Гезельбаш  Мемлекет басшысын президенттік сайлаудың нәтижелерімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі дамыту ісінде табыс тіледі.