Әлем • 20 Мамыр, 2024

«Тірі қалғандар жоқ»: Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы тікұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ құлаған жерден тірі қалған жандар табылмағаны хабарланды. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

«Тірі қалғандар жоқ»: Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы тікұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: IRNA

Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир-Хосейн Коливанд дүйсенбі күні таңертең «Tasnim» жартылай ресми ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Тікұшақ апатқа ұшыраған жер мұқият зерттелді, тірі қалғандар табылған жоқ», деді.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, тікұшақта Иран Президенті Ибрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Абдоллахиан, Иранның шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.

Айта кетсек, тікұшақ жексенбі, 19 мамырда Иранның солтүстік-батысындағы Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын таулы аймақта құлады.