
Фотолар: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Майдангерге жыл сайын баратын әскери қызметшілер Иван Федорович Макеев тұратын 5 қабатты үйдің кіреберісінің тұрпатына алаңдап жүреді екен, жөндеу жұмысын жүргізуге шешім солай қабылданған.
Жамбыл АПБ әскери құрылыс-жөндеу тобының күшімен баспалдақтар қалпына келтіріліп, қабырғалар сыланды, кіреберістің төбесі жөнделді. Аталған жұмыстың соңғы кезеңінде Тараз гарнизоны байланыс полкінің әскери қызметшілері келіп қосылған. Олар құрылысшыларға қоқыстарды жинауға жәрдемдесіп, бордюрді ақтаған.
Кіреберістің қасбетін жаңарту еш қиындық туғызбағанын айтып, оны іс жүзінде жүзеге асырған әскерилердің аталған жәрдеміне 98 жастағы Иван Федорович дән риза болып, алғысын айтты. Әскерилерге майдангер ғана емес, кіреберістің барлық тұрғындары ризашылықтарын білдірді.
Акция – әлемді фашизмнен азат еткен ардагерлерге көрсетілген құрмет саналады.