Абай • 25 Сәуір, 2025

Абай мұрасы түрік тіліне аударылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Ыстамбұл қаласында  «Абай Академиясы» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Абай Даналығы. Abay'ın Bilgeliği» атты альбом-кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай мұрасы түрік тіліне аударылды

Қазақша-түрікше жарық көрген альбом-кітапта Абай қарасөздеріндегі түйінді ойлар мен нақыл сөздер және елімізге танымал белгілі суретшілердің қылқалам туындылары берілген.

«Абай Академиясы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Жандос Әубәкір Абай мұрасының зерттелер тұстары әлі де көп екенін жеткізіп, қазақ-түрік ғалымдарын осы ізденіс ізіне түсуге шақырды. Сондай-ақ Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдерге аударылғанда асылы мәтінен ауытқымау керектігін баса айтты.

Салтанатты жиынға абайтанушы ғалымдар мен екі елдің елшілері қатысты. Сонымен қатар атақты түрік шайыры Жүніс Әміренің 22-ші буын ұрпағы профессор Өмер Әділ Атасой арнайы келіп, қазақ халқы мен оның рухани қазынасына құрметін білдірді.