Тұлға • 25 Сәуір, 2025

Бүгін – Қалибек Қуанышбаев дүниеге келген күн

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұп-тура 132 жыл бұрын актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаев өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаев дүниеге келген күн

Ол қазақ сахна өнерінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың қатарында. Қуанышбаев 1926 жылы Қызылордада құрылған қазақ драма театрының негізін қалаушылардың бірі болды.

Ол орындаған рөлдердің қатарында Абай, Еңлік-Кебек, Қобыланды, Сейфул-Мәлік сынды кейіпкерлер бар. Қуанышбаевтың өнері кеңестік кезеңдегі театр сыншылары тарапынан жоғары бағаланды.

Сондай-ақ ол кино өнеріне де айрықша еңбек сіңірді. «Амангелді» фильмінде Байболды, «Абай әлемінде» Абайды, «Алтын мүйізде» Берғалиевті, «Шоқан Уәлихановта» Шыңғысты сомдады.

Қазіргі таңда елордада орналасқан Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Қалибек Қуанышбаевтың есімімен аталады.