06 Мамыр, 2015

Ынтымақтастықты өрістетудің әлеуеті зор

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02.jpg-02-09Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директоры Ахмет Узюмджюді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген мейманмен кездесуде Сенат Төрағасы Тоқаев аймақтық және халықаралық қауіп­сіздік құрылымын қалыптас­тыруда Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы маңызды рөл атқа­ра­тынын атап өтті. Қ.Тоқаев Сирия­да химиялық қаруды жою аясында әлемдегі тұрақтылықты қамта­масыз етуде Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының тиім­ді қызметіне ерекше тоқтал­ды. «Осыған байланысты сіздің ұйым­ның ең беделді марапат – «Бейбітшіліктің Нобель сыйлы­ғы­мен» марапатталуы әлем қоғам­дас­тығы тарапынан Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының жемісті қызметінің мойындалуы болып табылады», – деді Сенат Төрағасы. Қарусыздану саласындағы аймақтағы Қазақстанның жетекші рөлін атап өте келіп, А.Узюмджю Қазақстан мен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы арасындағы ынтымақтастықты өрістетудің зор әлеуеті бар екенін айтты. Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келіп, жүз­десушілер Қазақстанда Химиялық қауіп­сіздік орталығын құрудың және биылғы шілдеде Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының бел­сенді қолдауымен командалық-штаб­тық жаттығу өткізудің маңыз­дылығын атап өтті. Қ.Тоқаев, сондай-ақ, А.Узюмд­жю­ге Парламенттің заң шығару қыз­­­меті туралы айтып, еліміздегі іш­кі саяси жағдаймен таныстырды. Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директоры сай­лау­дағы сенімді жеңісіне байланыс­ты Президент Н.Назарбаевқа құт­тықтауын жолдады.