
Фото: Астана әкімдігі
Түрлі өңірлердің жергілікті фермерлері және өндірушілері жеткізген көкөністер, жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдері және кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар және т.б. ұсынылады.
Жәрмеңке осы сенбі-жексенбіде, яғни 26-27 сәуірде таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
«Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін келушілер үшін ашық болады.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге мынандай автобус маршруттары өтеді: № 2, 32, 49, 50, 73. Бұл іс-шара өтетін жерге жылдам жету үшін маңызды», деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайтынан.