
Фото: Семей қаласы әкімдігі
Азамат Серікболұлы 1985 жылы Абай облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Экономика», 2024 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Экономика» магистрі ретінде аяқтаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
2008-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде көлік, өнеркәсіп және отын-энергетика саласындағы бюджеттік жоспарлау бағытында сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2014-2020 жылдары Қаржы министрлігінің құрылымдарында отын-энергетикалық кешеннің бюджетін жоспарлау саласында басқарушылық қызметте болған.
2020-2025 жылдары Атырау облысы әкімдігінде бірқатар жауапты лауазымды атқарды. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын, Қаржы басқармасын және Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасын басқарған.