
Прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 32 жастағы ер адам 19 жастағы қала тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.
«Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Алматы қалалық полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісі жіті бақылауда болатынын және құқықбұзушылықтарға қатаң заңды баға берілетінін атап өтті.