
Сауд Арабиясы Қазақстанның сұрауы бойынша алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады.
«Эр-Рияд қаласында ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен (алаяқтық) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, 2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөніс пен жеміс-жидек әкелеміз деген желеумен қала тұрғынынан 5 миллион теңге алып, жоғалып кеткен.