Қоғам • 23 Сәуір, 2025

Ішкі көші-қон қолдаудан кенде болмайды

30 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кейінгі бес жылда еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінен жұмыс күші тапшы облыстарға 48,8 мың адам ерікті түрде қоныс аударған. Оның 14%-ы – Түркістан облысынан. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2015 жылдан бері 15 589 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған.

Ішкі көші-қон қолдаудан кенде болмайды

Биыл қоныс аударуға республика көлемінде 7 344 квота бөлініп, мем­лекеттік қолдау көрсететін 8 облыс – Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары белгіленді. Осы орайда жуырда еліміздің жұмыс күші тапшы 7 облысынан келген өкілдер Түркістан облысының бірқатар ауданында халықпен кездесіп, жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Өңір халқына 10 мыңнан аса, нақтырақ айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысы – 2 959, Шығыс Қазақстан – 2 671, Павлодар – 2 424, Қостанай – 823, Қарағанды – 1 342, Ұлытау – 145, Абай облысы 104 бос жұмыс орнын ұсынды.

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қоныс аудару жөніндегі өңіраралық жәрмеңкеге барып, жер­­гі­лік­ті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу өткізді.

«Қоныс аударушыларға ауыл шаруа­шылығы мақса­тындағы жер учас­ке­лерін 5 жыл мерзімге уақытша пай­далануға алуда жеңілдікті жағдай­лар жасалды. Қоныс аударушыларға төле­нетін субсидиялар банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдын­да­ғы не­сиелік міндеттемелер бойынша өндіріп алудан қорғалған. Қан­дастарды немесе қоныс аудару­шыларды қабылдаудың өңір­лік квотасына енгізу, ерікті қоныс аударушыларға мемле­кет­тік қолдау шараларын көр­сету жөніндегі мемлекеттік қыз­мет­тер­дің электрондық форматына көшу жүзеге асырылды», деді вице-министр.

Сондай-ақ А.Ертаев еңбек мобилді­лігі орталықтарына көшу­ге ниет білдір­ген аза­мат­тарға кеңес, өтініш беруге жәрдемдесу жөнін­дегі жұ­­мыс­ты жандандыруды ұсынды.

«Өткен жылдың ортасынан бастап барлық қо­ныс аудару­шы­ларға FSM Social мобилді қосым­ша­сын енгізу арқылы жергі­лік­ті қоғамдастыққа бейім­де­лу және интеграциялау қыз­меттерінің кең спектрі қолжетімді болды. Осы ке­зеңде 20,7 мың адам бейімдеу және ин­тегра­циялық қызмет­термен қам­тылды, – деді вице-министр. – «Қоныс ауда­ру кар­­тасы» қандастар мен қо­ныс аудару­шыларға онлайн режімде қоныс­­тану айма­ғымен, сонымен бірге еңбек нары­­­ғын­дағы ағымдағы бос жұмыс орын­­­дарымен, тұр­ғын үйдің, қолда­ныстағы инфра­құрылымның болуымен танысуға мүмкіндік береді».

Павлодар облысы еңбек мобил­ділігі орталығының директоры Меруерт Есембае­ваның айтуынша, биыл об­лыс­қа қоныс аударуға 3 354 квота бө­лініп отыр. Өткен жылы халқы тығыз ор­на­лас­қан өңірлерден 2 170 адам қоныс аударған. Оның ішінде, Түркістан облысы­нан 807 адам бар­ған. Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев 2025 жылға 269 қандас пен 372 қоныс аударушы көшіп келеді деп жоспарланғанын айтты. Жалпы, 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысына 781 адам қоныс аударған. Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұма­баев ауданына қарасты «Писаревка орта мектебі» КММ-нің директоры Нұржамал Тамбетова­ның айтуынша, өткен жылы Түркістан облысынан 197 адам көшіп келген. Бүгінде Солтүстік өңірінде 1 643 – оның ішінде, медицина, фар­мацев­тика, білім беру, ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс, көлік және логистика саласы, сауда саласында бос жұмыс орны бар.

Жәрмеңкеге келушілерге бағдар­лама жөніндегі қолдау­лар жан-жақты түсін­ді­рілді. Мысалы, бағдарлама аясында қа­тысу­шыларға, олар­дың отба­сы мүше­леріне бір рет 70 АЕК (275 240 теңге) мөлшерінде көмек беріледі. Сонымен қатар 12 ай бойы жалдамалы баспана мен ком­муналдық төлем­­дер­ге ар­нал­ған жәрдемақы, жұмыс­пен қамту, ауыл шаруа­­шылы­ғына жер бөлу, жеке кәсіп ашу мүмкіндігі қарас­­­­тырыл­ған.

Жұмыс күшінің мобилді­лігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәр­дем­­десу мақса­тында өткен «Қоныс аудару» жәр­меңкеле­рінде солтүстік өңір­лерге кө­шуге ниет білдір­­ген­дер де баршылық. Мысалы, Түр­кістанда өткен жәрмеңке нәти­жесінде 128 тұрғын көшу­ге ниет білдірді. Сайрам ауданынан 50-ден астам, Жетісай ауда­нынан 38, Мақтааралдан 35 азамат қоныс ауда­­­­ратын болды. Мақтаарал ауда­ны­­нан 2018–2024 жылдар ара­лы­ғында 144 отбасы өз еркі­мен қоныс аударған екен. Айта кетейік, еліміздің жұ­мыс күші жетіспейтін солтүс­тік өңірлеріне халықты қоныс­тандыруға бағыт­талған жұ­мыстар облыста 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.

 

Түркістан облысы