05 Мамыр, 2015

Цифрлар сөйлейді: «Ювентус» vs «Реал»

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5-5-2015-juv-real 02АСТАНА. 5 мамыр. Енді бірер сағаттан кейін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық бәсекесі басталады. Бүгін Италияның Турин қаласында жергілікті «Ювентус» пен Мадридтің «Реалы» алғашқы ойындарын өткізеді. Ал ертең «Барселона» өз алаңында Мюнхеннің «Бавариясын» қабылдайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Осы ретте біз әдеттегідей, бүгінгі матчқа қатысты кейбір қызықты деректерге тоқталуды жөн көрдік. Сонымен «Ювентус» пен «Реал» арасындағы бірқатар мәліметтерге назар аударайық.
  • Бүгінгі ойын туралы айтқан кезде ең алдымен Чемпиондар лигасының 1997-1998 жылғы маусымындағы финал еске түседі. Себебі, сол сында «Ювентус» пен «Реал» чемпиондық атақты сарапқа салған болатын. Нәтижесінде испандар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, тарихында жетінші рет турнир жеңімпазы атанды. Аталған матчтағы жалғыз голды даңқты футболшы Предраг Миятович соқты.
  • «Ювентус» турнир аясында «Реалға» қарсы өз алаңында өткізген ойындарда бір-ақ рет жеңілген. Оның өзі осыдан жарты ғасыр бұрын, яғни, 1961-1962 жылғы маусымда тіркелген.
  • Бүгінге дейін қос команда 16 рет күш сынасып, оның 7-уінде туриндіктер басым түскен. Ал 8 мәрте «Реалдың» мерейі үстем болды. Бір ойында қарсыластар тең тарқасты.
  • «Ювентус» 2002-2003 жылғы маусымнан бері Чемпиондар лигасының жартылай финалына алғаш рет шығып отыр.
  • Ал мадридтіктер бесінші рет қатарынан турнирдің жартылай финалында бақ сынамақ.
Ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: eurosport.ru.

Командалар мына құрамда алаңға шығуы мүмкін.5-5-2015-juv-real 01