
Фото: ашық дереккөз
Анықталғандай, белгісіз тұлғалар әйелдің атына төрт түрлі банктен несие рәсімдеп, жалпы сомасы 9 миллион теңгені иемденіп кеткен. Аталған фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тергеу жұмысы басталды.
Бұдан бөлек Орал қаласының 51 жастағы тұрғыны да алаяқтардың құрбанына айналған. Ол өзін құқық қорғау органдары мен банктің қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырған адамдарға 600 мың теңге аударып жіберген.
«Қаскөйлер көбіне ҰҚК немесе банктердің қауіпсіздік қызметі өкілдері ретінде қоңырау шалып, азаматтардың есепшоттарына қауіп төніп тұрғанын алға тартып, сеніміне кіреді. Содан кейін түрлі сылтаумен құпия ақпаратты алып, қаржыны өз есепшоттарына аударады. Осыған байланысты полиция департаменті азаматтарға банктік карта деректерін, SMS-кодтарды және құпия сөздерді бөгде адамдарға жария етпеуді ескертеді», делінген полиция таратқан мәліметте.
Құзырлы орган тұрғындарды киберқылмыстарға қарсы қырағылық танытуға шақырып отыр.