Қоғам • 22 Сәуір, 2025

Бүгін - Әскери полиция қызметі күні

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1997 жылы 22 сәуірде Президент Жарлығымен әскери полиция қызметі құрылып, содан бері бұл күн ресми түрде аталып өтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін - Әскери полиция қызметі күні

Фото: Ашық дереккөз

Әскери полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алумен, әскери нысандарды қорғаумен және арнайы операцияларды жүргізумен айналысатын маңызды құрылым. Олар бейбіт күнде де, төтенше жағдайлар кезінде де тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үшін аянбай еңбек етеді. 

Сонымен қатар олар 2019 жылдан бері БҰҰ қолдауымен бітімгерлік миссияларға жиі қатысады. Мемлекеттік күзет қызметімен және ІІМ-мен ынтымақтастықта әскери полицияның әскери қызметшілері ШЫҰ саммиттерінің, ҰҚШҰ-ның және басқа да халықаралық форумдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.