Жаңа туған сәбиге ата-анасы Рауан деген есім берді, ол жас қостанайлықтардың отбасындағы үшінші бала. Үйде үш жасар егіз әпкелері інісін күтіп отыр.
- Мұндай жүктілік мамандардан ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Баланың анасы БАҚ өкілдеріне аты-жөнін айтқысы келмеді, дегенмен перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі, өзіне және ұлына қамқорлық танытқаны үшін алғысын білдірді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Фотосуретте жаңа туған нәрестені Қостанай перинаталдық орталығының акушері Светлана Борисова көтеріп тұр.