
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің X-тегі парақшасында хабарлады.
SIM KIDS атты пилоттық жоба байланыс операторларымен бірлесіп Алматыда іске қосылған.
– Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта. Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады, – деді ведомство басшысы.
Асыловтың сөзінше, жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады.