
Фото: ҰОК
Еркін жаттығу бағдарламасында Милад Карими мен Алтынхан Темірбек ел қоржынына алтын және күміс жүлде салды.
Милад Карими тамаша нәтиже көрсетіп, 14.466 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды. Одан кейінгі орынды 13.633 ұпай жинаған Алтынхан Темірбек иеленді. Үздік үштікті Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді — оның көрсеткіші 13.600 ұпай.
Айта кетейік, 18 сәуірде өтетін ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне тағы екі қазақстандық гимнаст — Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қатысады.