05 Мамыр, 2015

Елбасы телефон арқылы Египет президентімен сөйлесті

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-03-AkordaАСТАНА. 5 мамыр. Мемлекет басшысы телефон арқылы Египет Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Египет басшысы Әбдел Фаттах ас-Сиси Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы тарихи жеңісімен және қызметіне кірісуімен құттықтады. Әңгімелесу барысында екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Египет ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын пысықтады. Әбдел Фаттах ас-Сиси екі ел арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың алдағы уақытта да Қазақстан мен Египеттің достас халықтары мүддесіне тиімді қызмет ете беретініне сенім білдірді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.