Бокс • 18 Сәуір, 2025

Боксшы Мұхаммедсабыр Коротков турнирінің қола жүлдегері атанды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан дәстүрлі Коротков турнирінде қазақстандық былғары қолғап шебері Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боксшы Мұхаммедсабыр Коротков турнирінің қола жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда жергілікті боксшы Егор Козорезовпен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліске ұшырады. Осылайша Базарбайұлы турнирдің қола жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Жандос Қыдырәлиев (63,5 кг) те жартылай финалда сүрініп, үшінші орыннан көрінген болатын.