Президент • 18 Сәуір, 2025

Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды

Фото: Ақорда

Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.