«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ашылған қалалық №3 емхана бүгінде 62 мыңнан астам адамға қызмет көрсете алатын дәрежеге жетіп отыр. Мекеменің бас дәрігері Әлия ТӘШЕТОВА әңгіме барысында өзге де жағымды жаңалықтармен таныстырды.
– Бір күнде 500 адам қабылдай алатын екі қабатты ғимарат осыдан 5 жыл бұрын Елбасымыздың қатысуымен бой көтерген болатын. Мемлекет басшысының 3 су жаңа автокөлік кілттерін табыс ете отырып, алдымызға биік мақсаттар қойған аманатына адал еңбекпен жауап беруге ұмтылып келеміз. Жыл өткен сайын заманауи қондырғылармен қамту жақсаруда. Мәселен, 2013 жылы бұл жөніндегі экономикалық-техникалық көрсетіштер 77,74 пайызды құраса, былтыр 93,2 пайызға жетті.
– 19-шы, 20-шы, Борки, Солнечный, тағы басқа халық тығыз қоныстанған аудандарды қосқанда емханаға 62602 адам бекітіліп берілген екен. Бұл – қала тұрғындарының үштен бірі деген сөз. Қиындық тудырмай ма?
– Үлкендермен қатар балалардың да денсаулығын қадағалайтын мекеме болғандықтан, күніне 700-800 науқасқа дейін қабылдауға мүмкіндігіміз жетеді. Терапия, әйелдер және балалар консультациясы, клиникалық-диагностикалық, профилактикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімдері, лаборатория жұмыс істейді. Олардың бәріне озық үлгідегі құрал-жабдықтар орнатылған. Бұдан тысқары кардиолог, окулист, гинеколог, педиатр, терапевт, онколог секілді өз кәсібіне маманданған дәрігерлер науқастарды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Екі жылдан бері жалпы дәрігерлер учаскесі тәжірибесі кеңінен қолданылады. Олардың саны – алтау. Былтыр үй-үйді аралаумен, арнайы шақыртулармен 18396 адамға қызмет көрсетілді. 17 терапевтік, 14 педиатрлық учаскелер құрылған. Ауру-сырқаулы жандардың кезекте тұруын азайту мақсатымен биылдан бастап Call-орталық қызметі енгізілді.
– Әлия Жақсылыққызы, ал емхананың кадрлық әлеуеті қалай?
– Бұл – еліміз бойынша өткір тұрған мәселелердің бірі ғой. Жоғары оқу орындарын бітірген дипломды жастар көбіне Алматы мен Астананы таңдайтыны жасырын емес. Бұл жағынан тапшылық көріп отырған жоқпыз. Бүгінгі күні 76 дәрігер, 211 мейірбике жұмыс істейді. Араларында өз ісінің білгірлері көптеп саналады. Олардың қатарына учаскелік терапевттер Антонина Никиевская, Ғалымжан Уптияров, УЗИ дәрігері Ғалия Бейсенбаева, учаскелік педиатр Аугения Гальдикайте, травмотолог Иван Колодий, тағы басқаларын атауға болады. Екі жыл бедерінде 8 жас маман жұмысқа орналасып, әрқайсысына бір жолғы өтемақы төленді.
– Төл мереке қарсаңында жеткен жетістіктеріңіз аз емес секілді.
– Президент «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында денсаулық сақтау саласы алдына нақты міндеттер қойды. Олардың ішінде бастапқы көмекті аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналдыру, бәсекелестік есебінен медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мәселелері өзекті. Ұлт денсаулығы өркенді еліміздің негізі екендігіне ешкім шүбә келтіре қоймас. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде балаларды, бала туу жасындағы әйелдерді айықтыруға, профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға басымдық берілген. Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұлғайту, қатерлі аурулардың алдын алу шаралары да маңызды. Дәрігерлерге мыңдаған адамның өмірі сеніп тапсырылғандықтан, босаңсуға, тоқмейілсуге еш қақымыз жоқ. Гиппократ антына адалдық таныту – басты мұратымыз.
Әңгімелескен
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Петропавл.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46