
Фотолар: Қорғаныс министрлігі
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Шешенқара кентінде басталып, өз әскери бөлімінде мәреге жеткен марафонын ол қаза тапқан майдангерлер мен көзі тірі ардагерлерге арнап отыр.
Бөлім басшылығы мен командаға қолдауы үшін рахмет айтқан Тимур Ержанов жүгірумен көптен бері айналысады екен. Мәре сызығында таңқаларлықтай сергек көрінген оның айтуынша 80 шақырым өзіне аса күш түсірмеген. Ол енді 200 шақырым жүгіруді жоспарлап отыр.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 7 сағат 21 минут 11 секундқа созылған жүгіріс кезінде марафоншыға әр 10 шақырым сайын ауысып отырған әріптестері қолдау көрсетті. Әйтсе де Т.Ержанов негізгі қашықтықты өз күшіне ғана сүйене отырып еңсеріп шыққан.
«Осы қашықтықты жүгіру арқылы жігерлі мінезіңізді, жауынгерлік рух пен төзімділігіңізді көрсеттіңіз. Сіз сияқты сарбаздарға үлгі болатын нағыз патриоттар бар екенін мақтан тұтамыз», деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Бралинов.