05 Мамыр, 2015

Оңтүстік Қазақстанда 8-сыныптың екі оқушысы суға кетіп қалды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-05-15-piknik-1

ШЫМКЕНТ. 5 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдық емхана қызметкерлерінің балаларды алып Сырдария өзені үстінде қайықпен серуен құруларының ақыры қайғылы аяқталды. Орта мектептің 8-сыныбында оқитын екі оқушы суға кетіп қалды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қайғылы оқиға өткен жексенбі күні орын алған. Ауыл дәрігерлері тобының бұл қыдырысында зардап шеккен тағы 24 жастағы медбике, 7 жасар ұл бала мен 5 жасар қыз қазір Сарыағаш аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Сол күні дәрігерлер отбасы мүшелерімен бірге табиғаттың аясында демалуға барады. Ересектер өздерінің сорына қарай, дәл қайтардың алдында балаларды қайықпен серуендетпекші болады. Осылайша моторлы қайыққа бес бала, медбике және қайықшы отырады. Судың үстінде өзінің шеберлігін көрсеткісі келді ме, қайықшы бір кезде қайығын кілт бұрып жібереді. Сол кезде қайық аударылып кетеді. Бұдан қайықшы мен бір оқушы ғана дін-аман шығады. Ал суға кетіп қалған екі оқушының денесі келесі күні ғана табылады. Басқа серуеншілер әупіріммен аман қалады. Қазір дәрігерлер олардың өмірлері үшін күресіп жатыр. Қазір анықталғандай, қайықшы сол кезде қызу болған. Ал қайығының ақауы бар екен. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.