
«Қазгидромет» мамандары әрбір төрт сағат сайын мониторинг жүргізуде.
«Өңірдегі басты гидронысан Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтеріліп, су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавл су торабында да жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Мұнда қауіпті меже 960 см. Бірақ су деңгейі қазірдің өзінде 1058 см-ді көрсеткен.», - делінген хабарламада.
Ал мамандар су тасқынының үшінші толқыны облыс орталығына тек алдағы демалыс күндері келеді деп болжап отыр. Яғни, сол кезде Заречный кентін су басу қаупі бар.