Елорда • 17 Сәуір, 2025

Астанада электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада алғаш рет электросамокаттарға арналған арнайы тұрақ аймақтары ашылады. Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылмақ. Ол үшін самокаттар жиі тасталып кететін он орын таңдалынады, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады

Тұрақтар арнайы жол белгілерімен және сызықтық белгілеумен белгіленеді. Кикшеринг пайдаланушылары сапарларын дәл осы жерлерде аяқтауы тиіс. Бұл тротуар мен жол жиегінде бей-берекет тасталған самокаттарға қатысты шағымдарды азайтуға көмектеседі.

«Астаналықтардан келіп түсетін ең жиі шағымдардың бірі – бей-берекет тасталған самокаттар. Арнайы тұрақ аймақтары осы мәселеге тәртіп орнатып, қалада қозғалысты қауіпсіз етеді», деп атап өтті Нұра ауданының әкімдігі.

Бұл жұмысқа iKomek жедел әрекет ету және мониторинг орталығы да қосылды. Орталықта самокаттардың дұрыс қойылмауына байланысты шағымдарды жедел өңдеу үшін жаңа жіктеу жүйесі әзірленіп, операторларға арнайы оқыту жүргізілмек.

Бастаманы Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы мен елордадағы барлық кикшеринг компаниялары қолдады.

Электросамокат жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол картасы да әзірленді. Қалалық басқармалар, полиция және кикшеринг компанияларымен бірлесе отырып, ақпараттық компаниялар, қауіпсіз жүргізу бойынша сабақтар және ереже бұзушылықтарды анықтау рейдтері ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50