
1996 жылдың 14 желтоқсанында Бразилияның Порту-Алегру қаласында туып-өскен бұл жігіттің шын есімі - Рафаэл Диас Беллоли. Спорттық карьерасын жергілікті «Аваи» клубында бастаған ол кейіннен Португалияның «Виктория Гимарайнш» пен «Спортинг», Францияның «Ренн» және Англияның «Лидс Юнайтедінде» ойнады. 2022 жылдан бері «Барселонаның» намысын қорғауда. Бразилияның ұлттық құрамасы сапында 32 кездесу өткізіп, 11 рет нысананы дәл көздеді.
Сондай-ақ, Рафиньядан бөлек бұл тізімде Усман Дембеле (ПСЖ), Ламин Ямаль («Барселона»), Роберт Левандовски («Барселона»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Педри («Барселона»), Килиан Мбаппе («Реал»), Харри Кейн («Бавария»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Джуд Беллингем («Реал»), Винисиус Жуниор («Реал»), Витинья (ПСЖ), Майкл Олисе («Бавария»), Деклан Райс («Арсенал»), Хулиан Альварес («Атлетико»), Александер Исак («Ньюкасл»), Джамал Мусиала («Бавария»), Дезире Дуэ (ПСЖ), Виктор Дьокереш («Спортинг») және Вирджил ван Дейк («Ливерпуль») сынды теңбіл доп шеберлері бар.