05 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанда орманшы өртті сөндіру кезінде қаза тапты

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05.05.2015 SKO-4ПЕТРОПАВЛ. 5 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық орман шаруашылығының орманшысы «тілсіз жаумен» арпалысып жүріп,  мерт болды. Бұл туралы табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы  хабарлады. 05.05.2015 SKO-542 жастағы  Ғабит Айнатуов Благовешенка ауылынан әрәрек жерде  аспанға тік шаншыла көтерілген қою түтінді байқай салысымен жеке меншік тракторына от алдырған күйі жеделдетіп аттанады. Өрттің қызыл тілін сумаңдатып,  орманды алқапқа қарай  жайылып бара жатқанын көріп, әріптесі С. Құсайыновқа телефон соғып, тиісті орындарға хабарлауды өтінеді. Өзі болса, қосымша күштің келуін  күтпестен қып-қызыл оттың жолын бөгеп, ауыздықтауға білек сыбана кірісіп кетеді. Жедел бригада жарты сағаттың ішінде жеткенімен, трактор жанынан асыл азаматтың өлі мүрдесін кезіктіреді. Сірә, түтінге тұншығып, есінен танып қалса керек. «Бүгінде қазаның себеп-салдарларын анықтау мақсатымен тергеу амалдары жүргізілуде. 3 мамыр күні марқұмның денесі қара жер қойнына берілді. Артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды», дейді басқарма басшысының орынбасары Анатолий Усольцев. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.