05 Мамыр, 2015

Петропавлда ұстаздардың халықаралық олимпиадасы басталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05.05.2015 SKO-2ПЕТРОПАВЛ. 5 мамыр.  М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж базасы негізінде ұйымдастырылған «Талантты  ұстаз–талантты балаға» атты Х халықаралық педагогикалық олимпиадаға еліміздің барлық облыстарынан және Ресейдің Қорған, Омбы қалаларынан  277 қатысушы келді. Бұл туралы  облыстық білім басқармасы хабарлады. Погодин атындағы орыс драма  театрында өткен салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары  Анархан Дүйсенова  аймақ  басшысының құттықтау тілегін жеткізді. «Олимпиадаға 10 жоғарғы сынып, 11 жоғары оқу орындары мен  колледждер командалары, 94 жас  мұғалім,  3 магистрант,  14 психолог,  12 вожатый қатысқалы отыр. Олардың  80 пайызын ауылдық мамандар құрайды», дейді  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық орталықтың директоры  Шолпан Қирабаева. Конкурс  ережесі бойынша ғылыми жобалар мен тапсырмалардың сапалы орындалуы,  үміткерлердің білім деңгейі, теориялық дайындығы, тәжірибемен үйлесімділігі педагогикалық кәсіби біліктілік бірінші  кезекте ескеріледі. Халықаралық педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 6 аталым бойынша марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы. Сурет: egemen.kz