
Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Оған қоса 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін салған салымшылардан басқа қатысушыларды тарту талап етілген. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 51 адам салған қаржы 63 миллион теңгеден асыпты.
Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, оларға 6-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шешімімен Астана қаласынан жалпы құны 301 миллион болатын 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді.