Жоба • 11 Сәуір, 2025

«Tabys»-тың әлеуметтік жобасы

51 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Teniz Capital Brokerage» – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген «Teniz Capital Investment Banking» инвестициялық банкінің бөлім­шесі инвесторларға табыс табудың мүмкіндіктерін әртарап­тандырды.

«Tabys»-тың әлеуметтік жобасы

Сурет: aifc.kz

AIX 2020 жылы «Tabys» компаниясын қаржылық сауаттылықты ілгерілету бойынша әлеуметтік жоба ретінде іске қосқан. Осы сәттен бастап ісін жаңадан бастаған отандық инвесторларға қаржы өнімдеріне, оның ішінде биржалық ноталарға (ETN), ұлттық компаниялардың IPO және SPO-ға қатысуына және жекелеген жеке кәсіпорындардың обли­гациялық шығарылымдарына қол жеткізуге мүмкіндік туды.

АХҚО Әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернар Жаңаділ «Tabys» жобасына бақылау соларда сақталатынын, ал клиенттердің шоттары бұрынғыдай AIX бағалы қағаздар орталық депозитарийінде орналасатынын атап өтті. Оның айтуынша, аталған мәміле қосымшаның жұ­мысын жақсартудың қисынды жалғасы болмақ.

«Біздің ынтымақтастығымыз «Tabys» дамуы­ның жаңа кезеңімен басталады. 21 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетіледі. Бірақ біз өзі­міздің жеке стратегиялық серіктеспен бірге өнім­дердің кең желісін ұсына аламыз. Осы­лайша, барлық инвесторда ұлттық компания­лардың ІРО-сы барысында акцияларды сатып алу ғана емес, сонымен қатар сату, брокерлік компанияда қазіргі уақытта бар өнім желісін пайдалану мүмкіндігі болады», дейді.

«Teniz Capital Brokerage» басқарушы директоры Ерлан Солтанов «Tabys» клиенттеріне жергілікті ғана емес, халықаралық алаңдарда да капиталды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін инновациялық өнімдерді ұсынудағы жоғары әлеует туралы айтып берді.

«Әрбір «Tabys» пайдаланушысы жақын арада құнды қағаздар нарығына жақындай түседі. Біздің компаниялар тобында кез келген пайдаланушыға әлемдегі құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз ете алатын бар­лық қажетті лицензия бар. «Tabys»-тың жасаған жұмысы – инвестиция үшін алғашқы қадам. Біз өз тарапымыздан азаматтарды инвестиция әлеміне жетелеп, әлдеқайда күрделі құра­л­дарды ұсынуға, сондай-ақ халықтың қаржылық сауатын дамытуға тырысамыз», деп атап өтті спикер.

Әріптестік аясында «Tabys» пайдаланушылары Гонконг пен Таяу Шығыстағы листингі бар құралдарға қол жеткізе алады. Мобилді қосымшаның өзі бұрынғыдай жұмыс істей береді. Инвестициялық өнімдер жиынтығы біртіндеп кеңейеді. Қолданыстағы «Tabys» клиенттеріне қосымша тіркеу мен қайта тіркеу рәсімдерінен өтудің қажеті жоқ. Алайда кейін брокер қағидаларымен қосымша деректерді ұсыну талап етілуі мүмкін.

«Tabys» клиенттер алдын­дағы барлық міндеттемені орындауын жалғастырады. Сондай-ақ қосымшаны пайдаланушылар АХҚО-дағы реттеудің барлық артықшылығын да пайдалана бермек.

 

АЛМАТЫ