
«Қонаев қаласында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Онымен қоса, халықты баспанамен қамту мәселесіне де аса ден қойылған. Былтырдан бері 165 отбасыға пәтер кілттері табысталса, бүгін 28 отбасы қуанышқа кенеледі. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, біртуар азаматтарымыздың 90-100 жылдығы тойланып, Жұмысшы мамандықтар жылына орай бірқатар іс-шаралар жүзеге аспақ. Осы атаулы күндермен қатар сіздер де көптен күткен пәтерге ие болдыңыздар. Шаңырақтарыңыздың іргетасы мықты, керегесі кең болсын! Ішінде тек қана татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын!», деді қала әкімі Асхат Бердіханов.
Қуаныш иелерінің атынан Ғалия Момбекова сөз алып, жиналған жұртқа ақжарма тілегін арнады.
«Біз секілді отбасыларға қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс әкімі мен қала әкіміне алғысым шексіз. Бұл күнді өте ұзақ күттік. Іштей толқып, кеудемді керемет сезімдер кернеп тұр. Кезекте тұрған отбасыларға биылдан қалмай, үйлі болуды тілеймін. Той тойға ұлассын!», деді ол.
Айта кетейік, бұл пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз жалға беріледі. Жалға алу құны барша азаматқа қолжетімді.