Қоғам • 08 Сәуір, 2025

Субсидия алған жеке кәсіпкер сот арқылы 8,4 миллион теңгені қайтарды

61 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» (Қор) АҚ-ның өтінішхаты бойынша субсидия төлеуге байланысты дауды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz

Субсидия алған жеке кәсіпкер сот арқылы 8,4 миллион теңгені қайтарды

2023 жылы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында Қор, Банк және жеке кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған.

Қор Павлодар қаласында коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу үшін алған несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауға міндеттенген.

Бизнес-жоспарға сәйкес, жеке кәсіпкердің негізгі қызметі – нан, жаңа ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, бәліштер өндіру.

Алайда, Қор субсидияланатын жобаларға жоспарлы мониторинг жүргізе келе, жеке кәсіпкердің сатып алған тұрғын үй-жайларында (дүкенінде) тоқыма бұйымдарын, сабын және алкоголь өнімдерін сату бөлімшелері орналасқанын анықтаған. Бұл ретте, нан және жаңа ұннан жасалған кондитерлік өнімдер дайындалмаған.

Несие қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын алға тартып, қор жеке кәсіпкерден шамамен 8,4 миллион теңге көлемінде төленген субсидияны сот арқылы қайтаруды талап еткен. Жеке кәсіпкер, өз кезегінде, қордың субсидияларды төлеуді тоқтату жөніндегі әрекетінің заңдылығын даулап, қарсы талап қойған.

Сот даудың мән-жайына дұрыс баға беріп, қордың талап қоюын қанағаттандырып, жеке кәсіпкердің қарсы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан.

Алайда, апелляциялық сот мұнымен келіспей, жеке кәсіпкердің жағына шыққан.

Жоғарғы Сот жеке кәсіпкер субсидиялау шартын және бизнес-жоспарды тиісінше орындағанын, атап айтқанда субсидия берілген жобаның орындалу мақсатын дәлелдемегенін айтып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сонымен қатар, субсидияларды мақсатсыз пайдалану фактісі расталды: алынған үй-жайларынан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттармен бәліштерді өндіру үшін пайдаланылмайды, ал осы мақсатқа басқа үй-жайларды жалға алғаны туралы дәлелдемелер көрсетілмеген.