Фотогалерея • 05 Сәуір, 2025

Ақтауда «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы басталады

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, эстафетаны Түрікменстанның Анау қаласынан қабылдап алған соң-ақ өңірде қызу дайындық басталған болатын. Ауқымды іс-шараның ұйымдастырушылары - ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі.

Ақтауда «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы басталады

Сәуір айы басталысымен Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен өнерпаздар делегациясы келе бастады. Ақтаулықтар оларды теңіз жағасына арнайы құрылған «Дархан дала» этно қалашығында қарсы алды.Р

«Дархан дала» этно-қалашығындағы Маңғыстау облысының әр аудан, қалаларына бөліп берілген «Суын айғыр», «Шерқала», «Дәстүр», «Батырлар», «Жеті қайқы», «Ғашықтар» және «Шеберлер» ауылдары қойылымдар қойып, әннен шашу шашып, көрмелерді таныстырып, шеберлік сағаттарын өткізді. Салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптеген іс-шара бірнеше күнге жалғасты.

Л

Киіз басу, ұршық иіру, келін түсіріп, бет ашу, ұлттық би, сондай-ақ қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, халқымыздың ұлттық бай тарихы, өнері қонақтар назарына ұсынылды. Қонақтар да қалыс қалмай, өз бұйымдарын, ұлттық ерекшеліктері мен жәдігерлерін жайып көрсетті.

О

Бірнеше күн қатарынан облыс аудандарынан келген өнерпаздар ән мен жырды әуелете концерт қойды. Мысалы 5 сәуір күні түпқарағандық өнерпаздар бастаған мерекелік концерт ТҮРКСОЙ әртістерінің гала концертіне жалғасса, түсте Мұнайлы ауданы ән-жырдан шашу шашты. Түсқайта Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданы өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Л

Ақтаудағы айтулы мерекеге ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттерден 200-ге жуық қонақ келді. Олардың арасында 50-ге жуық лауазымды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың басшылары болса, қалғаны шетелдік өнерпаздар. Одан бөлек, ауқымды шараны тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен де тұрғындар ағылып келіп жатыр.

Ф

Теңіз жағасындағы бас сахнада кешкі сағат 19.00-де «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Л

Ашылу салтанатына Димаш Құдайберген қатысып, ән әуелетпек.

Р

О

Ш

Маңғыстау облысы