Дін • 31 Наурыз, 2025

Биткоинмен айналысу харам ба?

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) криптовалюта, соның ішінде биткоиннің шариғатқа қайшы екендігін мәлімдеді. Осыған орай, мұсылмандарға криптовалютамен айналысуға тыйым салынғаны жөнінде пәтуа шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биткоинмен айналысу харам ба?

Фото: Pixabay

ҚМДБ-ның хабарлауынша, биткоин ұлттық валюта ретінде мойындалмайды, себебі ол мемлекеттік кепілдіктер мен қаржылық заңдармен қорғалмаған және нақты активтерге негізделмеген орталықтандырылмаған виртуалды ақша болып есептелінеді.

Криптовалютаның нарығының тұрақсыздығы, оның құнындағы күрт өзгерістер адамдардың қаржылық шығындарға ұшырауына әкелуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, адамның мал-мүлкін арам жолмен алу және оның құқықтарын бұзу қатерін туғызады. Шариғатта белгісіздік деңгейі жоғары мәмілелерге тыйым салынғандықтан, биткоиннің анонимділігі мен шифрлау жүйелері алаяқтық әрекеттерге жол ашатыны да ҚМДБ тарапынан атап өтілді.

Сонымен қатар, биткоинның айналымы экономикалық тұрақтылыққа теріс әсер етіп, көлеңкелі бизнесті, ақшаны жылыстатуды және тыйым салынған ұйымдарды қаржыландыруды жеңілдетуі мүмкін деп пайымдалады. Осылайша, ҚМДБ шариғат тұрғысынан биткоинді пайдалануға қатаң тыйым салынатынын жариялады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше