Саясат • 26 Наурыз, 2025

Словения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Словения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Фото: informburo.kz

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.
Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Қыз мінезді қыс

Пікір • Бүгін, 09:00

Ет экспортына талап жоғары

Экспорт • Бүгін, 08:50

Мал шаруашылығында өсім бар

Шаруашылық • Бүгін, 08:45