әлі де жаңғыртуды және заңнамалық қамтамасыз етуді қажетсінеді
Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту және оны заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру аясында шараны Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастырды.
Отырысты аша келіп, Сенат комитетінің төрағасы Ақан Бижанов азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «Өзгеріп отырған экономикалық жағдайға орай ұлттық зейнетақы жүйесін бейімдеуге арналған реформалар жүргізуді уақыт талап етіп отыр. Осыған байланысты, Парламент еліміздің зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, зейнетақы заңнамасын жетілдіруді көздейтін заң жобасымен жұмыс істеп келеді», – деді сенатор.
Дөңгелек үстелде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова негізгі баяндама жасап, заң жобасындағы жаңалықтар мен зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту туралы хабардар етті. Министрдің айтуынша, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібін өзгерту, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің есебінен қосымша 5 пайыз зейнетақы жарнасын енгізу, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күш құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалау, оларды толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге көшіру қарастырылып отыр.
Базалық зейнетақы төлемдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады. 10 және одан аз жыл өтілі болғанда оның көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 50 пайызына тең болады, 10 жылдан асқандағы әр толық жылда оның көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 2 пайызына ұлғаяды, 35 жылдық өтілі болғанда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне тең болады.
Осы тақырып бойынша Ұлттық банк төрағасының орынбасары Д.Ғалиева, «БЗЖҚ» АҚ басқарма төрағасы Р.Ерденаев, Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Шолпанқұлов, Кәсіподақтар федерациясы басқармасы төрағасының орынбасары Қ.Айтуғанов өз ойларын ортаға салды.
Шара қорытындысы бойынша зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін және оның құқықтық негіздерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болды.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29