Мәдениет • 17 Наурыз, 2025

«Серпер» ұлттық өнер байқауына өтінім қабылдау басталды

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-19 сәуір күндері Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы алғаш рет І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Серпер» ұлттық өнер байқауына өтінім қабылдау басталды

Іс-шараның мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнердің озық дәстүрін жаңғырту және дамыту, қазақ халқының бай мәдени музыкалық мұрасын насихаттау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу.

Аталған байқау 6 номинация бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, «Домбыра», «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген», «Сыбызғы» номинациялары бар.

Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі республикалық және халықаралық байқаулардың, телевизиялық конкурстардың жеңімпаздары мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарының студенттері қатыса алады. 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025