Саясат • 13 Наурыз, 2025

Қытаймен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайып келеді

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетіне қарасты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 16-отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытаймен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайып келеді

Іс-шара онлайн форматта өтті, оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов пен ҚХР Мәдениет және туризм вице-министрі Гао Чжэн қатысты.

Екі тарап мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жан-жақты талқылап, алдыңғы отырыстың хаттамасын жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Отырыста мәдениет пен өнер, радио, телевизия және кино өндіру, аударма және баспа ісі, архив ісі, жастар саясаты, туризм және мәдени мұраны қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Жиын соңында тараптар Мәдени-гуманитарлық кіші комиеттің 17-отырысына дайындық барысын талқылап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025