
Ведомство мәліметінше, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел тергеу тобы құрылған. Зардап шеккендер жоқ.
Сот шешімімен күдіктіге екі айда қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр.
Негізгі назарда:
- осал тұстарды анықтау;
- қауіптің алдын алу;
- бақылауды күшейту;
- әрекет ету алгоритмін жетілдіру;
- күзет қызметкерлерін оқыту;
- құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту.
ІІМ жағдай толық бақылауда екенін, болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажет шара қабылданатынын мәлімдеді.