Қылмыс • 09 Наурыз, 2025

Полиция қару-жарақ жасырылған 30-дан астам жерді анықтады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 360 қару мен 3 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қару-жарақ жасырылған 30-дан астам жерді анықтады

- Үш күнде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 гранат және 3 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар бұрын ұрланған 7 қару анықталды, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұрын жоғалған 6 қару тәркіленіп, 14 қаруды адамдар өздері ерікті түрде тапсырды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 дерегі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық салдар болмайтынын еске салады.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05