ТЖМ мәліметінше, аңшының қайығын екпінді жел қамыс арасына алып кетіп, ол өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Басқа аңшы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған.
- Құтқарушылар арнайы сүңгуір киімдерін киіп, көлдің ортасында қалып қойған 1959 ж.т. азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп жазылған хабарламада.