Аймақтар • 06 Наурыз, 2025

Жамбыл ауданында 30 тұрғын үйдің ауласын су басты

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-наурыз сағат 08:25 шамасында Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылды. Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл ауданында 30 тұрғын үйдің ауласын су басты

Төтенше жағдай туралы ақпарат түскен бойда оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары А.Тұматаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Әбсейітов, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және Ұзынағаш ауылдық округінің өкілдері дереу жетті. Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков оқиға орнында.

1

Қосымша су басу қаупінің алдын алу және салдарын барынша азайту мақсатында қорғаныс бөгеттерін нығайту, сондай-ақ ағынды суларды тұрғын үйлерден бұру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 5 арнайы техника жұмылдырылып, қосымша тағы 5 техника, 15 маман тартылды.

2

Жағдай үнемі бақылауда. Барлық қажетті шаралар қабылданған.

 

Алматы облысы.