
Жарыстың ашылу салтанатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов, дзюдодан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген Сұлтанов, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі, Алматы облыстық самбо федерациясының вице-президенті Бақытбек Сақалов, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова, спорт ардагері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Аманбек Саматов, Еңбекшіқазақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сырғабаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бәсекеге 500 жас балуанның қатысуы елімізде дзюдо спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Алматы облысының спорт мамандары жасөспірімдер арасындағы жарыстардың жиі, сапалы өтуіне ерекше мән беріп келеді.
«Турнирдің негізгі мақсаты – жас балуандарға үлкен жарыстарға жол ашу. Кез келген спортшы халықаралық сайыстарда ел мерейін үстем етсем деп армандайды. «Алтын адам» турнирі алдағы уақытта қанатын кеңге жайып, болашақ чемпиондардың шығуына өз үлесін қосатынына сенімдімін», деді Еңбекшіқазақ аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Серік Мағжан.
Төрт күнге созылған сайыс қорытындысында Алматы облысының спортшылары 8 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль иеленіп, бірінші орын алды. Алматы қаласының спортшылары 6 алтын, 5 күміс, 13 қола медальды олжалап, екінші орыннан көрінді. Соның ішінде Алматы облысынан чемпион атанған ұл-қыздар – Бейбарыс Ержанұлы, Абдусалам Оразалиев, Айтмұрат Алдияр, Арыстанбек Диас, Лаура Воропаева, Алуа Балтабай, Зере Талғатқызы, Айша Серіктің белдесулері өте тартысты өтті.
Алматы облысы